• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Наурыз, 2020

Қазақстандық веб-сайттарға кіру тегін болмақ

193 рет
көрсетілді

Байланыс операторлары ТЖ кезеңінде өзабоненттеріне қазақстандық домендік аймақтаорналасқан интернет-ресурстарға қосымшатөлемсіз кіруге, тіпті телефон теңгеріміндеқаражат жоқ болған жағдайда да қосылуғамүмкіндік беретін түрлі шешімдер мен тарифтікжоспарлар ұсынуда. Бұл туралы толығырақазаматтар өз байланыс операторынан анықтайалады. Ел Президентінің ТЖ режимі кезеңінде қазақстандықтарға қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын байланыс операторларының орындау барысы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мамандары айтып берді. 

Оқу орындарының қашықтан оқыту форматына көшуіне байланысты Интернетті тегін пайдаланудың маңызы зор. Еліміздің ірі байланыс операторлары, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Astel» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС бұдан бұрын ЖОО сайттарын, электрондық анықтамалық деректер базасын, онлайн-күнделік, электронды білім беру порталдарын және ҚР Білім және ғылым министрлігіұсынған басқа да білім беру ресурстарына тегінқосылу мүмкіндігін ұсынған еді.

Сонымен қатар, https://www.coronavirus2020.kz/kzкоронавирус туралы ресми интернет-ресурсын, https://egov.kz/cms/kk электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдаланукезінде трафик есептелмейді және мегабайтшегерілмейді.

Медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетумақсатында «Кселл» АҚ, «Кар-Тел" және «Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС коронавирусіндетіне қарсы күресіп жатқан барлық дәрігергетегін ұялы байланыс қызметін ұсынды. Республикабойынша 20 000-нан астам медицина қызметкері ТЖ кезінде ұялы байланыспен интернет пакетін тегінпайдалануда.

Азаматтардың эпидемиологиялық жағдайданхабардар болуы үшін ұялы байланыс операторлары 1406 call-орталығына ұялы телефоннан тегін қоңырау шалу мүмкіндігін ұсынды. Азаматтар аталғанорталыққа қоңырау шалу арқылы мамандарданқажетті дәрігерлік кеңес ала алады.

«Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» АҚ ТЖ кезеңінде бекітілген байланыс, Интернет жәнецифрлық телевизия қызметтері үшін төлемжасамаған, яғни қарызы бар жеке тұлғаларды аталғанқызметтерден ажыратып тастамау туралы шешімқабылдады.

ТЖ режимі кезінде «Кар-Тел» ЖШС әлеуметтіктарифтік жоспарын пайдаланатын абоненттеріне, яғнизейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен мұғалімдерге тегін байланыс және интернет пакеттерін ұсынады. Сондай-ақ барлық ұялыбайланыс операторлары роумингтегі өз абоненттерінбонустық теңгеріммен немесе әлеуметтік желілергетегін интернет-трафикпен және туыстарыменбайланысу үшін тегін мессенджерлермен қамтамасыз етті.

ТЖ режимі кезінде кәсіпкерлерге қолдаукөрсету үшін кейбір операторлар Интернет қызметтеріне, карантинге жабылған сауда жәнеқызмет көрсету орындарын қашықтан бақылау үшінбейнебақылау қызметіне төлем жүргізу тәртібіжеңілдетілген арнайы тарифтік жоспарлар әзірледі.

Қазіргі уақытта байланыс операторларыныңкүшейтілген жұмыс режиміне көшкенін айтыпөткен жөн. Коммуникация желілерінің үздіксізжұмыс істеуі үшін байланыс арналарына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ байланысоператорлары 1414 call-орталығының жұмысын күшейту және мемлекеттік қызметшілердіңқашықтан жұмыс режиміне көшуі үшін бірқатарұйымдастыру шараларын қабылдады.