• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Атырау: БАҚ өкілдеріне маска мен антисептік берілді

117 рет
көрсетілді

Petrocouncil.kz  сайтының негізін қалаушы Раушан Найзабаеваның айтуынша, Атыраудағы БАҚ өкілдеріне қолдау көрсетілді.

Нақтылай айтқанда, БАҚ өкілдері үшін 100 мың теңгеге медициналық маска тігіліп, 120 мың теңгенің антисептигі және 23 790 теңгені құраған 50 дозатор сатып алынған. Мұның бәрі төтенше жағдайға байланысты құрылған облыстық штабқа тапсырылған.

–БАҚ өкілдеріне арналған сақтандыру құралдарын сатып алуға кәсіпкерлер мен тұрғындар үлес қосты. Олардың бұл қадамын журналистердің еңбегін бағалау деп түсіндік- деп хабарлады  Раушан Найзабаева. 

Жұмасат ҒАЗИЗ