• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Атырауда букмекерлік кеңсе менеджері 10 тәулікке қамалды

152 рет
көрсетілді

Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспсөз қызметі хабарлады.

– Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 3-тармағымен  (төтенше жағдай режимін бұзу) азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы төтенше жағдайдың енгізіліумен ойын-сауық iс-шараларын  өткiзуге салынған шектеуді елемеген. Сөйтіп, 25 наурызда «1xbet» ЖШС-нің букмекерлік кеңсесін ашып қойып, ойын-сауық қызметін атқарған, - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспсөз қызметі.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды. 

Жұмасат ҒАЗИЗ