Алматыда коронавирус жұқтырған тұрғындардың 97 пайызы сырттан жұқтырып келген. Бұл туралы бүгінгі онлайн-брифингте қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова хабардар етті.
Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің айтуынша, коронавирусқа шалдыққандардың 3 пайызы ғана вирусты Қазақстанда жұқтырған. «Осы уақыт аралығында 13 наурыздан бастап індетті өршуі 3 рет байқалды.
5-ші күні – тәулігіне 9 адам, 15-ші күні – 16 адам, 18-ші күні – 10 адам тіркелген. Талдау нәтижелеріне сәйкес 73 адамның 97 пайызы вирусты сырттан жұқтырып келгені анықталды. Басқа елден келген 26 адам келесі күні-ақ 45 адамға жұқтырған. Алматыда жұқтырған 2 науқастың байланыста болған адамдары санаулы ғана», – дейді бас санитар.
Қалалық бас санитар дәрігері инфекция көбіне қай елдерден келгенін былай жіктеді: «Ауырғандардың 40% – Мәскеуден, 23% – Берлин-Алматы рейсінен, 20% – Санкт-Петербург–Алматы рейсінен, 17% – Минск–Алматы рейсімен келгендер».
Айзат Молдақасымова айтуынша, ауырғандар жас ерекшелігіне қарай топтастырылған. Олардың көпшілігі – 30-39 жас аралығында, одан кейінгілері – 20-29 жас аралығында, үшінші топқа 50-59 жастағы адамдар кіреді. Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 62,5% – әйелдер, 37,5% – ерлер.
АЛМАТЫ