Қазақстанда екі медбике коронавирус індетін жұқтырып алды. Яғни, ақ желеңді жандардың қауіпсіздігі де маңызды мәселенің біріне айналуда. Осыған байланысты еліміздегі «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» Қазақстандағы барлық медициналық ұйымдардың жоғары білімі бар дәрігерлеріне короновирус ауруының алғашқы белгілері мен алдын алуды анықтайтын тегін тест жүйесін ұсынып отыр.
«Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» төрағасы Гүлмира Жангерееваның айтуынша тәуелсіз емтихан орталығы арнайы тест дайындап, онлайн режимде мамандардың өздерін қаншалықты дайын екенін тексеруге мүмкіндік бермек. Себебі, аты жаман ауру жұқтырған науқаспен бірінші бетпе бет келетін дәрігерлердің өздері сақ болуы қажет.
Тестілеу мамандардың стандарттарды, клиникалық хаттамаларды және ДДҰ-ның әдістемелік ұсынымдарын білуге дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі. Бұл әр медициналық ұйым дәрігерлерінің дайындығы үшін маңызды. Өзін өзі бағалау ұлттық тестілеу орталығы платформасында online режимінде өткізіледі. www.qazexam.kz. бағалау үшін тестінің техникалық сипаттамасы ҒҒО-ның ресми сайтында "COVID-19 бағалау" бөлімінде жарияланды. Online тестілеуден өту үшін ҰТО жүйесінде тіркелу қажет. Тестілеуге кіру логин (үміткердің ЖСН) және пароль бойынша жүргізіледі.
Айта кету керек, «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығына тәуелсіз бағалау жүргізу, біліктілігінің сәйкестігін растау және медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқыған білім мен дағдыларды бағалау құқығына аккредиттелген жетекші ұйым. Ол халықаралық медициналық реттеуші органдар қауымдастығының серіктесі (International Association of Medical Regulatory Authorities), АҚШ – тағы Мейірбике ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттер Ұлттық Кеңесінің мүшесі (National Council of State Boards of Nursing-NCSBN), тестілеу жөніндегі халықаралық комиссияға (International Test Commission) мүше болып табылады.