Өскемен қаласында өткізілген «Запятая» өнер фестивалінде 16 жасар Антон Росс әлемге белгілі сиқыршы Гарри Гудинидің қойылымын қайталады. Бұл туралы «Экспресс-К» газеті жазды.
Көйлекті аяғына іліп, басын төмен салбыратқан Антон бір минуттен соң аяғына қайта тұрды. Ал Г. Гудини бұл қойылымды минутке жеткізбей сәтті ақтаған еді. Жалпы, өскемендік жасөспірім денесіне ине мен шегені тесіп өткізе береді. Оның бойына мұндай қасиет қанмен дарыса керек. Цирк әртісі болған атасы кезінде небір сиқырды жұртшылық назарына ұсынған екен.
Данияр Түймебай.