• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2013

Қызылордада мерекелік шара басталып кетті

343 рет
көрсетілді

Азаттығымыздың айғағы - Конституция күні мерекесіне арналған шаралар Қызылорда қаласына қарасты ауылдарда басталып кетті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Балдырған Мамен хабарлады

Бүгін қалаға қарасты Қызылжарма ауылында «Айбарлы Ата Заң», Тасбөгет кентінде «Ата Заңым аялайды елімді» тақырыптарында мерекелік шаралар өтуде. Ал ертең өзге ауылдық округтерде өткізіледі.Мерекенің негізгі шаралары 30 тамыз күні қаланың үш аумағында ұйымдастырылады деп жоспарлануда.Оның алғашқысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақтан бастау алып, әнші, сазгер Елена Әбдіхалықова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Алтынай Жорабаева және жергілікті өнерпаздар жұртшылыққа ән-жырдан шашу шашады.

Әмірхан Алмағанбетов.

           

Соңғы жаңалықтар