• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2013

Адам құқықтары сөз болды

264 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Литва Республикасы Сеймінің депутаты, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының мүшесі Эгидиюс Варейкиспен кездесті.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Литва Республикасы Сеймінің депутаты, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының мүшесі Эгидиюс Варейкиспен кездесті.

Сондай-ақ, Қазақстанға келген шетел тілшілері Кука Ранта (Финляндия) мен Рафаэлла Косентино (Италия) қатысқан кездесу барысында құқық қорғау тақырыбына байланысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, депутат Э.Варейкис елдегі азаматтар құқықтарының сақталуы, Қазақстанда жүргізіліп жатқан қылмыстық және пенитенциарлық саясатқа, түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың ұсталуы мәселелеріне қызығушылығын танытты.

Өз кезегінде, А.Шәкіров елдің адам құқықтары саласындағы заңнамасын жетілдіру, соның ішінде қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқару заңнамасын ізгілендіру, ұлттық алдын алу тетігін құру, азаптауды қолдану фактілерін қарау, сондай-ақ, еңбек және әлеуметтік қарама-қайшылықтардың алдын алу бойынша Омбудсмен жанындағы жұмыс тобының мониторингтік сапарлар шеңберінде құқық қорғау мекемесінің қызметі мәселелерімен таныстырды.

Кездесу қорытындысында тараптар адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды іске асыру саласындағы өзара әрекеттесудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар