• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 31 Наурыз, 2020

Қазақ радиосы да қашықтан оқытуға атсалысады

357 рет
көрсетілді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте хабарлады. Бұған дейін біз мұғалімдердің телеарналар арқылы сабақ беретінін жазғанбыз.

Міне, енді келер жылы 100 жылдығын атап өтетін Қазақ радиосы да балаларға қашықтан білім беру жүгін бірге еңсермек. 

– Соңғы тоқсанның білім бағдарламасын қамту үшін 3 мыңнан аса сабақ түсіруге тиіспіз. Қазір сол теле-сабақтардың 300-ден астамы дайын. Келесі үлкен бағыт  – радио. Қазақтың қара шаңырағы саналатын Қазақ радиосының үні байланысы жоқ шалғай елді-мекендерге жетіп жатқанын білеміз. Сондықтан Қазақ радиосымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде кесте бойынша радио-сабақ беруді бастамақпыз, – деді А.Аймағамбетов.