• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 31 Наурыз, 2020

Мектептердегі 10 мыңнан аса компьютер оқушыларға таратылды

206 рет
көрсетілді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте баяндады.  

Осыған дейін мектептердің балансындағы компьютерлерді қашықтан оқыту мәселесінде техникадан тарыққан оқушылар мен мұғалімдерге уақытша берілетінін жазғанбыз. Соның нақты нәтижесі ірі қалаларда айқын көріне бастаған.

– Компьютерлерді оған мұқтаж оқушыларға таратуда Елорда мен Алматы қаласы белсенділік танытып отыр. Мәселен, Алматы қаласында бүгін 10 мыңнан аса компьютер таратылды. Мектептегі техникаларды уақытша пайдалану бойынша арнайы акт толтырылып, балалалрының білім алуы үшін ата-аналарға тапсырып отырмыз, – деді ведомство басшысы.