• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 31 Наурыз, 2020

2 сәуірде қашықтан оқыту бойынша республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

7537 рет
көрсетілді

Қашықтан оқытуға дайындық ертеңнен басталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте айтты. 

– Қашықтан оқыту орта білім беру ұйымдарының тәжірибесінде бұрын болмады. Сондықтан дайындық жұмыстарын жүргізу өте маңызды болып тұр. Ертең, яғни 1 сәуірде ең алдымен сынақ-сабақтар ұйымдастырылады. Барлық мектептердегі мұғалімдеріміз оқушыларымен байланысқа шығып, қашықтан сынақ-сабақ береді. Одан кейін бейсенбі, яғни 2 сәуір күні ата-аналардың жиналысы болады. Аталған мәселеде ата-аналарға мұғалімдермен бірдей жүк түседі. Сондықтан олар қашықтан оқытудың қалай жүргізілетінін, мұндай форматтағы сабақтарды өткізудің проблемалары мен шешу жолдарын білуі керек, – деді А.Аймағамбетов. Министрдің мәлімдеуінше, 3 сәуірде сынып сағаттары өткізіледі. Мұнда да қашықтан оқытудың жүзеге асыру форматтары мен проблемалары талқыланады. 

– Осы үш шара – 6 сәуірге дайындықты пысықтау. Себебі бұрынғыдан өзгеше басталғалы отырған биылғы соңғы тоқсанға мұғалім де, ата-ана да, оқушы да, құрылғы да – бәрі сақадай сай болуы тиіс, – деді ведомство басшысы.