• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

Алматыға бой тасалап кірмек болған шетел азаматтары ұсталды

2282 рет
көрсетілді

Алматы қаласының аумағында карантиндік режим күшейтілгеніне қарамастан, бақылау-өткізу бекеттерін заңсыз айналып өтіп, қалаға кіргісі келетіндер әлі де бар. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыға бой тасалап кірмек болған үш бірдей шетелдік азамат қамауға алынды.

- Алатау ауданында Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олар Боролдай ықшамауданында орналасқан №3 постты айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Белгілі болғандай, ер адамдар жұмыс іздеп Алматыға бет алған, олар карантин туралы білмедік деді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР ӘҚбК-нің  476 бабы - төтенше жағдайды бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты  және олар  қамауға алынды, - деп мәлімдеді Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.