Ғасырлар тоғысында Қазақстанның көгіне көтерілген Тәуелсіздік туы ел өміріне жарқын болашақтың есігін ашты. Сан жылдар бойы халқымыз армандаған егемендікке қол жеткіздік. Бұл қабылданған тарихи шешім ұрпақ үшін ұлағат. Ендеше, байыппен өткенге көз жүгіртіп, еліміздің қас-қағым уақыт ішінде жүріп өткен жолын ойша таразылайық. Дана халқымыз: «Өткен күн, кеше – тарих. Келер күн, ертең – сыр. Бүгінгі күн – үлкен сый», деп бекер айтпаса керек. Бұдан бейбіт күннің бағасын тарихтағы таңбадан танып білеміз. Қилы тарих шырмауынан көне дәуірдің мұрасы ретінде сөз құдіреті мен заң құдіретін сақтап қалған халқымыз бостандық, тәуелсіздік ұғымдарына жіті мән беріп, оны сақтап қалуды мәңгілік мұрат тұтты. Ақыры Алаш елінің көксеген арманы орындалып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік декларациясы қабылданып, үлкен бетбұрысқа қадам басты. Тарих ғылымына да азаттық алғаннан бергі дәуірдің бергені, болмыс-бітімі, орны мен маңызы айрықша әрі бұрынғыдан мүлдем бөлек болды. Еліміз діттеген мақсатқа, көздеген нысанға, алға қойған межеге жету үшін саяси жүйенің заңнамалық тұғырын жасап, оның құқықтық негізін құру керек еді. Осылайша әбден кемеліне келген тұғырлы заңнама – Конституция дүниеге келіп, ол 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

Сан жылдар бойы қалыптасып, жалпыға міндетті ережелерді қамтыған ең жоғары заңдық күші бар, Қазақстан Республикасының Конституциясы өмір талабына сай жасақталды. Шынында да дала заңынан бастау алып, әділеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген Ата Заңды дайындау үшін қыруар жұмыстар атқарылғаны, қажырлы ізденістер жасалып, қаншама талқылаулардың өткені, заңгерлеріміз бен білікті саясаткерлердің де заңды жазуға қатысқаны белгілі. Елдің игілігіне қызмет етуге тиіс, мемлекеттің болашағына бағыт беруді мақсат еткен заңды әзірлеу жұмыс тобына үлкен жауапкершілік жүктеді. Қазақы болмысты сақтай отырып, дамыған елдердің тәжірибелерін арқау еткен Ата Заңымыздың мемлекетіміздің болашағы үшін ұзақ жылдар қызмет ететіні сөзсіз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл құжатқа: «Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды», деп үлкен баға берді.
Құжаттың авторы – бүкіл Қазақстан халқы Конституцияға дауыс беру арқылы президенттік басқару нысанын қолдады. Бұл таңдау билік тармақтарының арасында тепе-теңдікті сақтай отырып, тоқырауға жол бермейтін билік жүйесінің қалыптасу қажеттілігінен туындады. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлініп, олардың конституциялық міндеттері шегеленді.
Әрине, қай кезеңде болсын қоғамдағы түрлі саяси және әлеуметтік күштер, азаматтық өлшемдер басым жағдайда негізгі заңның мәні мен мазмұнын айқ