• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Сәуір, 2020

Қайырымдылық қор балалар ауруханасына жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын сыйға тартты

446 рет
көрсетілді

«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Өмір сыйлайық» жобасының аясында «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен Алматы қаласы Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына (БҚКЖАА) жалпы сомасы 71,8 млн теңгені құрайтын Humming Vue (Жапондық) екі жаңа жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын COVID-19 ауруымен күресу мақсатында сыйға тартты.

«Шеврон» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша, осы жабдық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне тезірек және тиімдірек көмек көрсетуге мүмкіндік береді, өйткені жансақтау бөлімінде бір минутты да жоғалтуға болмайды.

«Бүгінгі таңда ірі бизнес пен Қазақстанның үкіметі жаңа коронавирустың таралуын тоқтату және ауырғандарға жазылуға көмектесуге бар күшін салуда. Орнатылған ИВЛ аппараттарымен қоса дәрігерлер оны пайдалануды үйреніп, кепілді техникалық қолдауға ие болады. Біз жаңа ИВЛ аппараттары тек пандемия кезінде ғана емес, дағдылы жағдайда да балалардың өмірін сақтауға көмектеседі деп сенеміз. «Шеврон» компаниясының атынан мен барлық қазақстандықтарға зор денсаулық және осы күрделі кезеңнен аман-есен өтуге күш-қуат тілеймін», – деді Жанар Қошпанова.

Humming Vue ИВЛ аппараттары соңғы буынға жатады және қысымды 13 микрон деңгейінде бақылауға көмектеседі, бұл балаларды баро-жарақаттау қаупін азайтып, респираторлық терапияның клиникалық тиімділігін арттырады. Оларды стерильдеу өте оңай және кейін қайта мөлшерлеуді талап етпейді, бұл оны келесі пайдалануға дайындау уақытын айтарлықтай қысқартады. Бұл аппараттар режимдерді ауыстырып қосу кезінде әртүрлі тыныс беру контурларын ажыратпай немесе ауыстырмай пациенттердің өкпесін желдетуге мүмкіндік береді, барлығын бір контурда іске асырып, ауыр гипоксия қаупінің артуына жол бермейді.

 «АЯЛА» қайырымдылық қоры көп жылдан бері БҚКЖАА-мен «Өмір сйылайық» республикалық жобасы аясында белсенді түрде әрекет етеді. Жабдықтың және аппаратураның, соның ішінде қор 2007 жылы жансақтау бөліміне берген ИВЛ аппараттарының көмегімен ауруханадағы балалар өлімі 4-есе азайды.  Жалпы осы жобаны іске асырған 13 жылдың ішінде «АЯЛА» қоры Қазақстанның 30 ауруханасы мен перзентханасына жалпы 389 380 567 теңге сомасында жабдық тапсырды. Осының арқасында Қазақстандағы он мыңдаған баланың өмірі құтқарылған.