• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2020

Алматыда коронавирустан жазылған бүлдіршін ауруханадан шықты

221 рет
көрсетілді

Алматыда  коронавирус жұқтырған екі жасар сәбидің дертінен құлан таза айыққаны туралы бұған дейін айтқан едік. Бүлдіршін бүгін ауруханадан шықты. Сондай-ақ күні бүгін қаладағы инфекциялық стационарлардан COVID-19 расталған тағы да екі пациент сауығып, ауруханадан шығарылды.

«Бұл Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан бір бала мен екі ересек пациент. Ауруханадан емделіп шығарылған пациенттер 14 күндік үй карантинінде болады», – деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тлеухан Абилдаев.

Мамандардың сөзінше, екі пациент 13 наурызда Берлин – Минск – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. Экипажды қоса алғанда, 12 адамның барлық борты оқшаулауға, карантинге, инфекциялық стационарға орналастырылды, зертханалық зерттеуге талдау алынды. Жеті адамның диагнозы расталды. Үшінші пациент – бұрын анықталған науқаспен байланыста болған.

Жалпы Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан 10 пациент ауруханадан шықты.