• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2013

Конституционализм әлеуеті пікір алысқанда артады

267 рет
көрсетілді

Кеше елордада Конституция кү­ні­не арналған «Конституция – қоғам мен мемлекет даму стратегиясының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі өтіп тұратын бұл кезекті шара барысында Қазақстанның конс­ти­туциялық дамуындағы және қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаң­ғыр­тудағы мәселелер кеңінен сөз болды.

Кеше елордада Конституция кү­ні­не арналған «Конституция – қоғам мен мемлекет даму стратегиясының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі өтіп тұратын бұл кезекті шара барысында Қазақстанның конс­ти­туциялық дамуындағы және қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаң­ғыр­тудағы мәселелер кеңінен сөз болды.

Сөз орайы келгенде шараны ұйым­дас­­тыруға Конституциялық Кеңес, Бас про­куратура, Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл, Астана қаласының әкімдігі, Еу­ро­па Кеңесі Құқық арқылы демокра­тия үшін Еуропалық Комиссиясы (Ве­не­ция ко­миссиясы), Қазақстан халқы Ассам­блеясы, Халықаралық заңгерлер одағы, Қа­зақстан заңгерлер одағы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті атсалысқандығын айта кеткен жөн. Алқалы жиын жұмысына еліміздің Премьер-Ми­нистрі, Парламент Сенатының Төра­ға­сы, Мем­­лекеттік хатшы, Президент Әкім­ші­лі­­гінің Басшысы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың бі­­рін­ші басшылары, сондай-ақ 19 ел мен ха­лық­­аралық беделді ұйымдардың өкілдері қатысты.

Атап айтқанда, алқалы жиынға БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропа Одағы, ЕҚЫҰ өкіл­дері, Әзербайжан, Белоруссия, Болгария және Түркия Конституциялық соттарының төрағалары, Корея және Тәжікстан омбудс­мендері, Армения, Ауғанстан, Литва, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Украина, Гер­мания, Хорватия және басқа да елдердің конституциялық әділет органдары мен парламенттерінің мүшелері, сонымен бірге, шетелдік және отандық танымал заңгер-ғалымдар мен сарапшылар келді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь Рогов сөз сөй­леп ашты. Конституциялық Кеңес Төра­ға­сы атал­ған халықаралық шарада ең басты қарас­тырылатын мәселелер Қа­зақ­стан Республикасы Президенті Н.Ә.На­зар­баев­тың «Қазақстан-2050» стратегиялық құ­жа­тының құқықтық аспектілерін жүзеге асыру болып табылатынын ерекше атап кетті.

Ал еліміздің Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин конференция қаты­су­шы­ларына Елбасының құттықтауын жеткізді. Елбасы өз сөзінде қатысушыларды Консти­туция күнімен шын жүректен құт­тық­тай­мын, дей келіп, Ата Заңның мем­леке­тіміздің табысты дамуының берік іргетасы екендігіне ерекше тоқталған. Конституцияның арқасында мемлекеттік және жеке меншіктің теңдігі, кәсіпкерліктің дербестігі мен меншікті қоғам мүддесіне пайдалану қағидаттарына сәйкес Қазақстан экономикасы дамып келеді. Қазақстан Рес­публикасының Конституциясы әлеуметтік мемлекет ретінде еңбек бостандығы құқы­ғына кепілдік береді. Неке мен отбасын, ананы, әке мен баланы мемлекеттің қор­ғауына алып, халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді, делінген Елбасының құттықтауында.

Президент сондай-ақ еліміздің Ата Заңы мемлекеттік билік бірлігінің, оның барлық тармақтарының тиімді өзара іс-қимылының негізін қалағандығын да ерекше атап кеткен. Конституциялық қағидалар негізінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара әріптестігі іске асып, жергілікті өзін өзі басқару дамуда. Оған тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет болып өткен жергілікті әкім­дер сайлауы дәлел бола алады. Конс­ти­туцияны бұлжытпай орындау Қазақ­стандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтудың сенімді кепі­лі. Бүгінде Қазақстан 2050 жылға дейінгі стратегияны іске асыруда. Оның бас­ты мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 мем­ле­кеттің қатарына ену. Бұл мақсатты жұ­мыс Конституция мен заңдардың тәр­тібін мүлтіксіз сақтауды міндеттейді. Кон­ференцияға қатысушылардың барлы­ғының жұмысына жеміс және кәсіби қызметіне табыс тілеймін, дейді Нұрсұлтан Әбішұлы құттықтауының соңында.

Бұдан кейін сөз а