Бұл жөнінде Білім және ғылым министрінің орынбасары «Қашықтан білім беру: IV тоқсанға қатысты басты мәселелер» атты брифингте хабарлады.
Қашықтан оқыту орта білім беру ұймдарының педагогтарына үлкен тәжірибе болып тұрғаны белгілі. Осы орайда республиканың әр аймағынан түрлі міндеттеулер туралы мұғалімдердің сұрағына Шолпан Каринова жауап берді
– Қашықтан оқытуды жүргізудің әдістері, жұмыс ауқымы өте кең. Сондықтан мұғалімді түрлі міндеттеулермен шығармашылығын шектеуге болмайды. Мектеп әкімшіліктері мен директорларын мұғалімдерді жүктемені жөнсіз көбейтпеуге шақырамыз. Сондай-ақ міндетті түрде онлайл режімде сабақ өтуді де міндеттемеген дұрыс. Әлбетте балалар ұстаздарын сағынады, осындай жаңдайда ең болмаса аптасына бір рет тікелей эфирге шығуға болады, – деді вице-министр.