Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бюжеттен 1 трлн теңге бөлу туралы шешімі елімізде жаңадан жұмыс орындарын ашуға серпін береді.
Осы мақсатта бір ғана Алматы облысында 22,8 мың адамға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 977 жоба жүзеге аспақшы. Бұған 109,2 млрд теңге бөлінген. Қазір мемлекеттік сараптама қорытындысынан өткен жобалық-сметалық құжаттаманың арқасында аймақ тұрғындары табысты жұмыс орынынан үмітті. Жалпы, жұмыс орындарын ашу тек бюджет қарсысы есебінен ғана жүзеге асып жатқан жоқ. Жеке инвесторлар ашқан өнідіріс орындарында да жұмыс күшіне сұраныс бар. Мысалы, жекеменшік инвестициялар есебінен 367,6 млрд теңге жұмсалған 75 нысан іске қосылған. нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмыс орыны ашылады. Атап айтқанда, Сингапур мемлекетінің инвестициясына салынып жатқан «Alacem» зауыты, Біріккен Араб әмірлігінің қаржысына ашылатын «Феникс Фид Милс» компаниясы, нидерландтықтар қолға алған «СТК Sokol» жобасы және көршілес Қытай инвесторлары іске қосатын «Мистрал Энерджи» компаниясының өндіріс орындары жұмыс күшіне деген сұранысты өсіреді деген болжам бар.
Айтпақшы, төтенше жағдай жарияланған мерзім аралығында облыстағы 48 ірі кәсіпорын мен 158 орта өндіріс нысандарында өндіріс көлемі азайып, соның салдарынан қызметкерлерді қысқарту мен ақысыз демалысқа жіберу дерегі тіркелмепті. Яғни, бұл салада жұмыс істеп жүрген 156 мың адам өз міндетерін толық атқарып, еңбекақысын алып отыр.
- Облыста бұрын да жол картасы бойынша жұмыстар атқарылды, бірақ мұндай көлемде қаражат алғаш рет бөлініп отыр. Сондықтан, біз қаражатты уақытында және сапалы игеруге және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешуге міндеттіміз. Жоспарға сәйкес «Еңбек» бағдарламасы бойынша 22 мың адамды жұмыспен қамтудың белсенді шарасы жасалды, - дейді облыс әкімі Амандық Баталов.