• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Сәуір, 2020

Қырғызстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы науқас көз жұмды

102 рет
көрсетілді

Қырғыз елінде  коронавирустан алғаш рет адам көз жұмды. Бұл туралы бауырлас елдің ақпарат агенттіктері хабарлады.

«Кеше Ош облысының Ноқат аумақтық ауруханасында науқас қайтыс болды. 61 жастағы ол шетелден келген. Науқастың созылмалы дерттері асқынған», делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Қырғыз елінде бүгін жаңа вирустың тағы 9 дерегі тіркеліп отыр.  Төрт науқастың жағдайы ауыр, біреуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жалпы, бүгінде Қырғызстанда коронавирустың 125 фактісі расталған болса, науқастардың бесеуі сауығып шықты. 1,9 мың адам қауіпті індетке шалдыққандармен байланыста болған.

Соңғы жаңалықтар