• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Алматыда тыныс алу құрылғылары жеткілікті

540 рет
көрсетілді

Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратары қаланың барлық медициналық ұйымдарында жеткілікті.

«Олардың ішінде жұқпалы екі ауруханада 17 аппарат бар. Провизорлық госпитальға 4 жасанды тыныс алу құрылғысы қойылды. Егер науқастардың саны көбейетін болса, сол жерге жатқызуды жоспарап отырмыз. Бүгінгі күні жасанды тыныс алу аппаратына екі науқас қосылды», - дейді Тілеухан Әбілдаев.

Шаһарда дәрігерлер қауымы бар жігерін салып жұмыс істеуде. Оларға тамақ, киім секілді барлық қажетті жағдайлар жасалған.