Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, барлық қазақстандық медицина қызметкерлері Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті үстеме ақыны алады.
Барлық шешімдер жұртшылықтың, кәсіподақтардың қатысуымен облыстар деңгейінде комиссиялық түрде қабылданатын болады.Бұдан өзге, өңірлерде бұл тізімдерге әкімдіктердің шешімі бойынша тартылған адамдар санаттарын енгізу мүмкіндігі болады. Қазіргі таңда республикалық бюджет қайта есептелуде. 5 сәуірге қарай бұл жұмыс аяқталады.