• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Карантиндегі Алматы: Медициналық көмек толық көрсетіліп отыр

249 рет
көрсетілді

Карантин жағдайында Алматы қаласының тұрғындарына медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп отыр. Бұл туралы бүгінгі онлайн-брифингте Алматыдағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Әсел Бисенбаева.

– Қалалық емханалар өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып отыр.

Емхана дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауы мен консультациялары барынша қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылды. Жоспарлы медициналық қызметтер (жоспарлы емдеуге жатқызу, профилактикалық тексерулер, скринингтер, оңалту) шектелген.

Жүкті әйелдер, балалар және кідіріссіз медициналық көмекке мұқтаж пациенттер жазбасыз қабылданып отыр. Емханаларда аталған санаттағы тұлғаларға медициналық маскалар тегін берілуде.

Алдын ала егуді қоспағанда, босандыру ұйымдарында (БЦЖ және ВГВ) жаңа туған нәрестелерге профилактикалық егуді жүргізу ерекше өкім шығарылғанға дейін тоқтатылды.

Тұрғындар арасында респираторлық аурулардың алғашқы белгілері туралы және оған шұғыл көрсетусіз емханаға бармау мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жіті жағдайда пациенттер дәрігерді үйге шақыра алады немесе алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған емхана жанындағы сүзгі-кабинеттеріне жүгіне алады.

Тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептерді онлайн-беру немесе жеткізу ұйымдастырылды.

65 жастан асқан адамдарға көрсеткіштері бойынша зертханалық талдау үйде жүргізіледі. Медициналық қызметкерлер тәуекел тобына кіретін қарт адамдарға көшпелі тексерулер жүргізеді.

Психологтар қарт адамдардың үйлеріне баруда, үйде болу, қарым-қатынасты шектеу, барлық сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр, – Әсел Бисенбаева.