• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Алматыда зертханалар саны артады

163 рет
көрсетілді

Алдағы  күндері Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын зертханалар саны екі есеге көбейетін болады.

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, жақында Алматыда тағы 3 зертхана коронавирус инфекцияларын анықтауға көшеді.

«Бізде  бұған дейін 3 зертхана жұмыс істеген болса, бұған алдағы күндері тағы 3 зертхана қосылады. Олардың бірі Корея мен Қазақстанның бірігіп ашқан жекеменшік зертханасы. Бұл ұйымның арнайы рұқсат құжаттары бар. Сондай-ақ, «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханасының да арнайы рұқсаты бар. Сосын СПИД орталықтың лабораториясы қосылатын болды», - деді онлайн брифинг барысында департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, «Олимп» КДЗ бірнеше күннен соң жұмысқа кіріседі. Ал Корея-қазақстандық компания жұмыс істеп жатыр. ЖИТС орталық жұмыс материалдарын жеткізу бойынша келісім шарт жүргізіп жатыр. Шаһарда соңғы тәулікте қауіпті індет жұқтырған бір ғана науқас  анықталған.