• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 03 Сәуір, 2020

1080 мектеп қашықтан оқымайды

221 рет
көрсетілді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Министрліктің жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шығарған есебіне қарағанда, елімізде 1080 шағын жинақты мектеп бар.

~ Мұндай мектептер 80-100 балаға дейін оқытады. Шалғай елді-мекендерде орналасқандықтан қауіп төмендеу. Сол себепті шағын жинақты мектептер біз дәстүрлі оқытуды жалғастыра алады. Дегенмен бастысы карантин талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Сондай-ақ әр сынып өз кабинетінен өзгесіне  ауыспай оқуы қажет, ~ деді министр. Оның айтуынша, бұған дейін бір ауысымда оқытып келген мұндай мектептер енді екі ауысымда жұмыс істеуі тиіс.