Бұл сұраққа және Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді.
Бізде қазір 1 мың 200-дей ауылдарда бала санының өте аздығына байланысты мектептер жоқ.
– Мұндай мектептерде әрі кетсе 5-7 ғана бала бар. Мектебі жоқ ауыл балаларын ең жақын жердегі білім ошақтарына тасымалдап оқитатынбыз. Бұл балалар енді Қазпошта қызметі арқылы кері байланыс орнатады. Телеарна, радио, платформалармен сабақ оқып, қосымша тапсырлар мен мұғалім арасындағы кері байланыс үшін поштаны пайдаланады, – деді министр.