• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2020

Коронавирус: Індет жұқтырған қанша павлодарлық бар екені белгісіз

220 рет
көрсетілді

Облыс орталығының әужайына келіп қонған ұшақ – чартерлік рейс. Тазалық жұмыстарынан кейін бірден кері қайтқан.

Ал  әлеуметтік желілерде ұшақтың Павлодарға қонғанына қарсылық білдірген пікірлер де шықты.

- Келгендер-еліміздің азаматтары.Оларға қолдау білдіру керекпіз. Мемлекет басшысы айтқандай, еліміздің әр азаматы біз үшін маңызды, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы  Біржан Досмаилов.

Ал ұшып келгендердің температурасын өлшеп, коронавирус белгілеріне тексерді. Сырт киімдеріне дезинфекция жасалғаннан соң автобустармен карантин орнына жеткізілген.

Олардың жүктеріне де тазарту жұмыстары жүргізілген. Бұл жайында БАҚ өкілдерімен болған баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Біржан Досмаилов мәлімдеді.

- Ұшып келген 120 адамның арасында балалар да бар. Барлығы карантинге жатқызылады, - деді Біржан Досмаилов. – Қазір жолаушылардың қай жерден екендері анықталуда. Қанша павлодарлық бар екені де белгісіз.

Басқарма басшысының айтуынша, ұшып келген  әр адамға 1 тәулік ішінде медициналық сараптама жасалады. Нәтижесіне қарай қанша күнге карантинге жатқызылатыны анықталады.

- Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің бұйрығы бар. Сол алгоритмге сәйкес әрекет етеміз. Егер COVID–19 анықталған болса, пациентті бірден инфекциялық стационарға жеткізіп, боксқа оқшаулайды, - дейді Біржан Досмаилов.

Ал жолаушылар ұшақтан түскен сәттен бастап, карантин орнына жеткізілгенге дейінгі жұмыстарға тәжірибеден өткен арнайы мамандар жұмылдырылған.

– Жүргізушілерден бастап барлық қатысқан адамдар нормаға сай киінді. Сақтық шараларын қолданды, - дейді ол.

 

 ПАВЛОДАР