• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2020

Павлодарда вирус жұқтырған жігіт 34 адаммен байланыста болған

559 рет
көрсетілді

Бұл жайында БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов мәлім етті.

- 4 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде вирусты жұқтырған 1 адам бар, - деді Біржан Досмаилов. – 1988 жылы туған азамат жеке боксқа жатқызылған. Қазір денсаулығы жақсы. Бұл жігітпен байланыста болған 34 адамның бәрі тексерістен өткен.

Сонымен бірге, Коронавирус жұқтырған азаматпен байланыста болған адамдардың 29-ы біздің облыста болса, 3 адам – Нұр-Сұлтан қаласында, 2 адам – Ақмола облысында.

Ал жанама байланыста болған тағы 120 адамның 86-сы біздің өңірде үйлерінде бақылауға алынған. Қалғандары басқа өңірлерде. - Қазір өңірде 1645 адам індетке қатысты бақылауға алынған. Ал,   696 адамнан бақылау алынып тасталды.  Қазір 949 адам бақылауда,33 адам стационарда, 916 адам үй карантинінде, - деді Біржан Досмаилов.

 

ПАВЛОДАР