• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Сәуір, 2020

Дзюдо жарыстары 30 маусымға дейін тоқтатылды

296 рет
көрсетілді

Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Токио Олимпиадасы 2021 жылға ауыстырғанына байланысты дзюдодан Олимпия ойындарына іріктеу жарыстарының уақыты созылғанын хабарлады. Сонымен қатар ол биылғы бәсекелер 30 маусымға дейін тоқтағанын мәлімдеді деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

«ХОК шешімінен соң Халықаралық дзюдо федерациясы барлық шешімдерді қарастыруда. Covid-19 салдарынан тоқтатылған жарыстар жалғасын табады. ХОК ұсынысы бойынша, Олимпиадаға іріктеу турнирі 2021 жылды 29 маусымына дейін аяқталады. IJF Олимпиадаға іріктеу турнирінің жаңа мерзіміндегі жарыстар тізбегін сақтайды. 2021 жылғы әлем чемпионаты мерзімін де ауыстырып, іріктеу кезеңіне қосуға болады. Бірақ коронавирусқа байланысты бұл туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Катардағы «Masters» турнирі іріктеу турнирінің бір бөлшегі ретінде қалады. 2020 жылдың 30 маусымына дейінгі жарыстардың барлығы тоқтатылды», деді IJF президенті Мариус Визер.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.