Бүгін Алматыдан 357 шақырым қашықтықта жер сілкінді. Тербеліс Алматы уақыты бойынша 3 сағат 29 минутта тіркелген. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 357 шақырым қашықтықта, Алматы облысының аумағында қазақ-қытай шекарасына жақын жерде орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 8,6. MPV магнитудасы – 3,4. Тереңдігі – 25 шақырым. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.