ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Евразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ індет таралу қаупіне байланысты Екібастұздағы «Шығыс» кеніші бөлімшесінде, Ақсу электр стансасында алдын алу іс-шаралары күшейтілді.
Корпорациясы (ЕЭК) – еліміздегі электр энергиясы мен көмір өндірушілер кәсіпорындардың бірі.
Елде өндірілетін электр қуатының 17 пайызы, көмірдің 20 пайызы кәсіпорын еншісінде.
Электр энергиясын өндірудің жылдық қуаты – 16 млрд кВт*с. Корпорация Ақсу электр стансасы мен «Шығыс» көмір кенішін біріктіреді. 2001 жылдан бері электр стансасында энергоблоктарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде стансаның қуаты – 2 450 мВт.
– Корпорация коронавирус инфекциясының алдын алу, еңбек ұжымдарында тұрақты өндірістік үрдіс сақтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдады. Өндірісте қауіпсіздік ережелерін, жеке бас сақтық шараларын сақтау үшін энергетиктердің жеке жауапкершілігі туралы ескертілген,- дейді корпорацияның әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Татьяна Носачева.
Кәсіпорында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға орай күнделікті мониторинг жүргізіліп, жеке қорғану құралдарын сатып алу, энергетиктертердің, жұмысшы-қызметкерлердің дене температурасын бақылау үшін тепловизорлар орнатылды.
Сонымен бірге, жеке қауіпсіздік шаралары туралы жүйелі ақпараттандырулар ілінген.
Бұдан бөлек, үй-жайларды, кәсіпорын аумағын, жұмыс орнына жеткізетін көлікті санитарлық тазарту шаралары жүргізілуде.
Энергетиктерге қосымша 6 автобус, кеншілерге 15 автобус бөлінді. Адамдар көп жиналатын жерлерде арақашықтықты сақтау үшін- 1 метр белгі салынған.
Бөлімнің кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмысқа ауыстырылған.
Жұмыс бабымен жеке қарым-қатынаста жиі болатын қызметкерлер - күзетшілерге, асхана қызметкерлеріне, есепшілерге арнайы қолғаптар берілді.
Павлодар облысы,
Ақсу қаласы