Қазақстандағы 2020 жылғы 8 сəуір сағат 13:45-тегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам тіркелді, оның ішінде, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 3, Ақмола облысында – 1.
Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1929 жылы дүниеге келген екен.
Осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам,
Алматы қаласында – 119 адам,
Қарағанды облысында - 55 адам,
Ақмола облысында - 43 адам,
\Атырау облысы - 36 адам,
Жамбыл облысында - 45 адам,
Шымкент қаласында - 20 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам,
Алматы облысында - 10 адам,
Ақтөбе облысында - 11 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 6 адам,
Қызылорда облысында - 72 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 33 адам,
Қостанай облысында - 3 адам,
жалпы 709 науқас бар.