Бүгін, 8 сәуірде Қалалық жұқпалы аурулар стационарында ем алған тағы екі пациент ауруханадан шыққаны туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
«Бұлар – 1989 жылы туған ер адам және 1990 жылы туған әйел. Олар бұған дейін анықталған пациентпен байланыста болған, екеуі де 13 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген», – деді ол.
Ер адамның ауруы жеңіл өтіп кетті, ал әйел адамның жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, сондай-ақ «Оң жақты үстіңгі аймақты бронх демікпесі» диагнозы қойылды.
«Бүгінде екеуі де өзін жақсы сезініп, 14 күндік үй карантиніне шығарылды», – деді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.
Осылайша, қазіргі уақытта мегаполисте коронавирустық инфекциядан сауығып шыққан адамдар саны 23 адам болды.
АЛМАТЫ