әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары медициналық практикада және коронавирустың алдын алуда қолдануға болатын антисептик дайындап шығарды.
ҚазҰУ-дың «Жаңа химиялық технологиялар және материалдар» ҒЗИ ғалымдары Жапониядағы Сайтама университетіндегі әріптестерімен бірлесе отырып, жаңа тиімді дезинфекциялық құралдар мен тері антисептиктерін жасау технологиясын әзірледі.
Еліміздің медициналық мекемелерінде жүргізілген алдын-ала сынақтар әзірленген құрамдардың жоғары тиімділігін көрсетіп, оң пікірлер алынды.
Мысалы, бірлескен жұмыс барысында хирургтар мен медициналық қызметкерлердің қолдарын, сондай-ақ операциялық және инъекциялық алаңды өңдеуге арналған тері антисептигі әзірленді. Оның тиімділігі М. Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының аккредиттелген зертханасының қорытындысымен расталды.
Бүгінде ҚазҰУ ғалымдары Қазақстанда өсетін өсімдік экстрактілерін дезинфекциялау құралдары мен тері антисептиктерінің құрамында пайдалану бойынша зерттеулер жүргізуде. Химиялық компоненттерді өсімдік сығындыларына ішінара ауыстыру тиімді және қолдануға ыңғайлы жаңа препараттарды шығаруға мүмкіндік береді.
АЛМАТЫ