• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2020

Алматылық ғалымдар өнертабыс патентіне ие болды

285 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары екі өнертабыс патентіне ие болды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

Химия ғылымдарының докторы, профессор Болат Жиембаев жетекшілік жасаған топ құрамында оқу орнының докторанттары, Қазақ ұлттық аграрлық университеті және Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен ізденушілері болды.

«2,6-дифенил-4-диметоксифосфорилпиперидин-4-ол асханалық қызылша мен картоп өсімдіктерінің өсуін реттеуші ретінде қолдану» және «2,5-диметил-4-диметоксифосфорилпиперидин-4-ол асханалық қызылша мен картоп өсімдіктерінің өсуін реттеуші ретінде» атты өнертабыс ауыл шаруашылығы саласында қолданылады.

Ғалымдардың айтуынша, ғылыми жаңалық пайдалы модель жаңа фосфорорганикалық қосылыстарды синтездеп, ауыл шаруашылығы саласында көкөністердің өсуін реттеуші ретінде пайдалану үшін беріліп отыр.

Зерттеу жұмыстары Жаратылыстану факультетінің 2 курс докторанты Ақбота Қуандықова мен 3 курс докторант Гүлжанат Досжанованың қатысуымен  Қыздар университетінің Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығында жүргізіліп, тәжірибеден өткен. Жас ғалымдар табанды ізденіс пен қажырлы еңбектің нақты нәтиже бергеніне қуанышты.

Айта кетейік, бұған дейін профессор Болат Жиембаевтың жетекшілігімен 30-ға жуық өнертабыс патент алынған. Отандық ғылымға сіңірген зор еңбегі үшін ғалым ғылым, техника және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы Мемлекеттік сыйлығымен, Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік стипендиясымен марапатталған.

 

АЛМАТЫ