• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Сәуір, 2020

Басым бағыттарды айқындап берді

169 рет
көрсетілді

Халқымызда «Көргені жақсы көш бастайды» деген қанатты сөз бар. Қазақ көшін 30 жылдан астам уақыт бойы бастап келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы халқымызды бірлік пен ынтымаққа шақырады.

Төтеннен келген нәубет­пен күресуде Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті мен Үкімет­тің және жергілікті атқару­шы ор­гандардың қойып отыр­ған қатаң талаптарын сақтауға үндейді. Қытай елі қатаң тәр­тіп­тің арқасында бұл індетті ауыз­дықтады. Елбасы мақаласында аға-ұрпақ өкілдеріне сөз арнап, оларды ынтымақты болуға, игілікті істер­дің басында тұруға, саламатты өмір салтын ұстауға шақырды.

Елбасы жас ұрпақ өкілдеріне арнаған сөзінде «Еліміздің бола­ша­ғы сіздерсіздер, бүгінгі жас ұрпақ егемендігіміздің құрдастары, аға ұрпақ өкілдері сіздер үшін қолынан келгеннің барлығын жасады, енді кезек сіздерде» деп сенім артты.

Елбасы кәсіпкерлерге сөз ар­нады. Тәуелсіздік алғалы Елба­сының бастамасымен қолға алын­ған «Қазақстан-2050» бағдар­ламасының ішіндегі ин­дус­триялық-ин­но­вациялық да­му бағ­дар­лама­сының арқасында елімізде 1 мың­нан аса кәсіпорын ашылды. Көп кә­сіп­керлер бүгінгі күні ая­ғынан тұр­ды, енді олар мен еліме не бере­мін деген уа­қыт келді деді. Өз кезе­гінде кәсіп­керлер де Елба­сы­ның баста­ма­сымен құрылған «Біз бір­геміз!» қорына БАҚ мә­лі­ме­ті бо­йынша 14 млрд теңгеден ас­там қаржы құй­ды. Бұл игі іс әрі қа­рай жалға­сын табады деп сеніп отырмыз.

Қиын кезде белді бекем буып, ын­тымақ, бірлікті берік ұс­тап Пре­зи­денттің, Үкіметтің талап­тарын орын­дасақ, бұл қиын­дықтан да шыға­мыз. Өйткені Елбасымыз Қазақ­станды Мәң­гілік ел болуға бас­тай­тын басты бағыттарды айқындап берді.

 

Әлімжан ҚҰРТАЕВ,

Сенат депутаты