• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

ҚазҰПУ-да жаратылыстану-ғылыми пәндерін цифрлық оқыту мәселесі талқыланды

530 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен әрі ресейлік әріптестердің қатысуымен «Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша цифрлық оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар өтті.

Вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Жаратылыстану және спорт технологиялары институтының директоры Александр Страдзе, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, Білім беруді ақпараттандыру департаментінің директоры Бахытжан Ахметов, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, сондай-ақ, МҚПУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары және Қазақстанның басқа да ЖОО өкілдері қатысты.

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, вебинар барысында жаратылыстану-ғылыми білім берудегі цифрлық технологиялар, географиялық білім беруді цифрлық трансформациялау, қашықтан оқыту үдерісінде «оқытушы-білім алушының» өзара оқу әрекеттері, қашықтан оқытуда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Вебинарда МҚПУ биология және адам физиологиясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Сергей Суматохин, МҚПУ география және туризм кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., г.ғ.к., профессор Ольга Шульгина, Абай атындағы ҚазҰПУ география, экология және туризм кафедрасының доценті, п.ғ.к. Шолпан Карбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасының докторанты Юсуп Ногоев баяндама жасады.

 

АЛМАТЫ