• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Павлодарда қайтыс болған қарт дәрігерлік есепте тұрған

243 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов қайтыс болған адамның 8 сәуірде ауруханаға түсіп,  COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталғанын айтты.

Бірақ, 1936 жылы туған қарт бұрыннан бері «бронх демікпесі», «өкпенің созылмалы  ауруы», «Жүректің ишемиялық ауруы», «үшінші дәрежелі артериялық гипертензия» және «дене терісінің қатерлі ісігі» диагноздарымен есепте тұрған.

-Қазір қартпен байланыста болған адамдар анықталды. Олардың саны 118 адам. Олардың 50-і ауруханаға жатқызылса, 65-і үй карантинінде, - дейді Біржан Досмайылов.

Ал, жерлеу кезінде эпидемияға қарсы тиісті дезинфекциялық шаралар жүргізілген.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а.Зәмзагүл Досжанованың  мәлімдеуінше, жерлеу арнайы жерлеу ұйымымен ұйымдастырылған.

-Қарт үйінде бірнеше күн бойы жатқан, - дейді Біржан Досмайылов.

 - Полиция жоғары қабат арқылы пәтерге кірген. Пневмония диагнозы факті бойынша анықталған. Жақын жердегі № 1 ауруханаға жеткізілген.

 

ПАВЛОДАР