• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Сәуір, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: БЦЖ екпесі коронавирустан қорғамайды

382 рет
көрсетілді

Бұл топтамада әлемнің 185 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

13 сәуірде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 1 850 220, өлім саны - 114 215, айыққандар саны - 430 455 адам болды (жаңартылған уақыты 10:17).

18:39

БЦЖ екпесі коронавирустан қорғамайды

Осыған дейін БАҚ-та туберкулездің алдын алуға арналған балаларға салынатын БЦЖ екпесінің COVID-19 вирусынан қорғайтыны туралы ақпарат тарады.

Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдемесінде бұл тұжырымды жоққа шығарды. Мамандар жоғарыда айтылған болжамды растайтын еш ғылыми дәлелдің жоқ екенін алға тартты.

Ұйым мәселеге нүкте қою үшін екі клиникалық сынақтың жүргізіліп жатқанын айтты. Әзірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусына қарсы БЦЖ екпесін жасауға кеңес бермейді.

Керісінше бұл жағдай туберкулезге қарсы вакцинаны қажет ететін елдерге қиындық тудыруы мүмкін деп алаңдайды. Вакцина жасалмаса, туберкулезге шалдығатын балалардың саны өсуі мүмкін.

18:01

Түркия түрмесінде 3 тұтқын қайтыс болды

Түркияда бес ашық түрмеде 17 тұтқынның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың үшеуі қайтыс болған.

Елдің Әділет министрі жабық түрмелерде вирус жұқтырғандардың жоқ екенін мәлімдеді.

Қалған 13 тұтқынның жағдайы жақсы, ал біреуі қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр.

Түркияда барлығы 56 956 адам вирус жұқтырды, 1 198 адам қайтыс болып, 3 446 науқас жазылған.

16:27

Өзбекстан Оңтүстік Кореяның тәжірибесіне сүйенбек  

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Инаға пандемиямен күресте көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Наурыз айының соңынан бастап елде Оңтүстік Кореядан келген профессор, эпидемиологтың өзбек мамандарына көмектесіп жатқаны айтылды. Осы айда көмекке тағы бір маман келетіні белгілі болды.

Өзбекстанда вирус жұқтырғандар саны 900-ге жетіп қалды, 4 адам қайтыс болып, 66 науқас жазылды.

13:15

Андреа Бочеллидің онлайн концертін 3,4 млн адам тамашалады

Италиялық танымал әнші кеше Милан шіркеуінде соло концерт берді. Жексенбі күні Еуропа елдерінің көпшілігі Пасха мейрамын тойлады.

«Үмітке деген музыка» атты концерті арқылы атақты тенор қиын сәтте үйлерінде отқан миллиондаған адамға махаббат, үміт пен сенім сыйлағысы келгенін айтады.  

 Концертті 13 сағаттан кейін 24 миллион адам тамашалаған.

12:23

Қырғызстанда бүгін 42 науқас анықталды

Бүгін көршілес Қырғыз елінде вирус жұқтырудың жаңа 42 дерегі тіркелді. Елде вирус жұқтырғандар саны 419-ға жетті.

Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың 23-і әйел, 19-ы ер адам екенін мәлімдеді.

Вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны - 79, олардың үшеуінің жағдайы ауыр. 

Елде 67 адам жазылып, 5 адам қайтыс болған.

10:48

Израильде коронавирус жұқтырғандар саны 11 145-ке жетті

Елде COVID-19-дан 103 адам көз жұмған. 1 627 адам емделіп, сауығып шықты.

174 науқас ауыр халде жатыр, олардың 123-і жасанды тыныс алу аппараттарына қосылған.

10:20

Әлемдегі жағдай:

Барлығы 1 850 220 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.

114 215 адам қайтыс болды.

Вирусты жеңгендер саны - 430 455 адам.

АҚШ-та 557 300 жағдай тіркелді, 41 759 адам сауығып шықты, 22 079 адам қайтыс болды.

Испанияда 166 831 жағдай тіркелді, 62 391 адам сауығып шықты, 17 209 адам қайтыс болды.

Италияда 156 363 жағдай тіркелді, 34 211 адам сауығып шықты, 19 899 адам қайтыс болды.

Францияда 133 670 жағдай тіркелді, 27 469 адам сауығып шықты, 14 412 адам қайтыс болды.

Германияда 127 854 жағдай тіркелді, 60 300 адам сауығып шықты, 3 022 адам қайтыс болды.

09:40

Коронавирус дүниежүзіне қалай тарады? 

Johns Hopkins University (JHU) ұсынған анимациялық карта коронавирустың дүниежүзінде қалай таралғанын көрсетеді.