• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2020

Алматыда 27 медицина қызметкері індет жұқтырды

709 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні, 13 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 172 жағдайы тіркелді.

Соңғы тәулікте мегаполисте тағы да 27 алматылықтың індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы да медицина қызметкерлері.

Оның ішінде 21 әйел және 6 ер адам, араларында бір жүкті әйел бар. Медицина қызметкерлерінің жай-күйі келсек: екі адамның жай-күйі полисегментті пневмонияларына байланысты – ауыр, қалған адамдардың барлығында – қанағаттанарлық деп бағалануда.

Коронавирус анықталған 20 қызметкер шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырған Қалалық орталық клиникалық аурухананың қызметкерлері болып табылады. Тағы 7 адам бұлар 4 сәуірдегі алғаш рет тапсырған тестілері теріс нәтиже көрсеткен Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері. Әдетте, бұлар әртүрлі патологиясы бар пациенттер, олардың арасында ауру белгілері білінбеген пациенттер бар болуы мүмкін, сәйкесінше бұл олардың вирусты жұқтыруына себеп болуы да мүмкін. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін тексеріп-қарау бойынша барлық шаралар қолданылып жатқандығын атап өткен жөн. Бұдан басқа, барлық қалалық клиникалардың ішінде қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеріп-қараумен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда жалпы 122 адам емделуде.

89 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық, 8 адамда – ауыр, 25 ересек адамда (1 облыстық) – ауырлықтың орташа дәріжесінде. Ем алушылар арасында 3 жүкті әйел бар.

49 адам: 47 ересек және 2 бала сауығып шықты, екеуі қайтыс болды.

Провизорлық орталықтарда 186 адам бар, оның ішінде 10-ы бала, карантиндік оқшаулауда – 426 адам, үй карантинінде – 6199 адам.

 

АЛМАТЫ