Түлкібас ауданында үй іргесіндегі бау-бақшаны ағын сумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болатын. Тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін бұл мәселені шешу мақсатында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен бірқатар жұмыстар іске асырылуда.
Соның бірі — демеушілерді тарта отырып, арық-атызды тазалау. Осы орайда аудан аумағындағы 108,3 шақырым болатын 32 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 2997 гектар жерге ағын су барып, 2960 үйдің іргелік жерлері қайта айналымға қосылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстың жанданғанына, әсіресе, үй іргелік жерлеріне егін егіп, өнім алуына мүмкіндік туатын ауыл тұрғындары дән риза.
Түркістан облысы