Түркістан облысы Төлеби ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық шаралары жалғасуда. Мысалы, «Бейбарс и К» ЖШС-ы мен Қуаныш Ешенқұлов жеке қоры Ленгір қаласы мен ауылдық округтерде тұратын 30 отбасыға «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 20 мың теңге көлемінде қаржылай көмек үлестірді.
Сондай-ақ Nur Otan партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан орталығында «Біз біргеміз!» акциясы аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж 14 отбасыға азық-түлік таратылды. Ал аудан кәсіпкерлері Ленгір қаласындағы аз қамтылған 7 отбасыға азық-түлік топтамаларын жеткізіп берді.Осындай ізгі шара Көксәйек ауылдық округінде жалғасын тауып, акция аясында 15 аз қамтылған отбасыға демеушілер тарапынан азық-түлік берілді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің қолдауымен «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша 7 отбасыға 20 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
Әлеуметтік көмек алған отбасылар демеушілерге, саяси ұйым өкілдеріне ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.
Түркістан облысы