Канн кинофестивалін ұйымдастырушылар биыл маусым айына жоспарланған шара пандемияға байланысты кейінге шегерілгенін хабарлады.
Кинофестивальдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Франция Президенті Эммануэль Макрон кемінде шілде айының ортасына дейін елде бұқаралық шараларды өтпейтіні туралы мәлімдеме жасағаннан кейін осындай шешім қабылданған. Дегенмен, ұйымдастырушылар шараны жыл соңына дейін өткізуге тырысады.
1946 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Канн кинофестивалі бұған дейін 2 рет қана өткізілмей қалғанын айта кету керек.