• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Сәуір, 2020

Зеленский Қазақстанға алғыс айтты

210 рет
көрсетілді

Украина Президенті Владимир Зеленский коронавируспен күресте қажетті гуманитарлық жүкті жеткізуге көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.

Владимир Зеленский Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевпен кездесуде Қазақстаның Қытайдан Украинаға медициналық жүктерді жедел жеткізуге көмектескенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуір күні әлемдегі ең үлкен Ан-225 жүк ұшағы Алматы әуежайына жанармай құю үшін қонған еді. Ұшақ Қытайдан Украинаға гуманитарлық көмек жеткізді.