Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бірқатар мекемелер 20 сәуірден бастап жұмыс істейді. Олар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауы тиіс.
Мемлекеттік комиссия бекіткен тізім бойынша Нұр-Сұлтанда:
өндірістік кәсіпорындар; құрылыс және жол құрылысы саласындағы компаниялар, ірі құрылыс дүкендері; көлік, қоймалау саласындағы компаниялар, ауыл шаруашылығымен байланысты қызмет көрсететін компаниялар; автосалондар, ТЖО, көлік жуатын орындар, дөңгелек ауыстыру қызметі, автобөлшек дүкендері, химиялық тазалау және кеңсе техникасын жөндейтін орындар; екінші деңгейлі банктер 9:00-ден 16:00-ге дейін, ал нотариустар алдын ала жазылу бойынша; қоғамдық тамақтану нысандары жеткізіп беру не өзімен алып кету бойынша жұмыс істейді, олардың жұмыс уақыты 22:00-ге дейін ұзартылады.Алматы қаласында:
өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол құрылысы саласындағы компаниялар, құрылыс материалдарын сататын ірі көтерме базарлар;нотариустар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді; Бір ХҚКО (Наурызбай ауданы, Шұғыла ш-а, 347/1) тек кәсіпкерлерге қызмет көрсетеді.