Әйелдер арасындағы танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова үлкен спортқа қайта оралғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Отандасымыз былтыр қырқүйек айында чемпиондық жекпе-жегіне демеуші болмағандықтан үлкен спортпен қоштасатынын мәлімдеген-ді. Арада алты айдан астам уақыт өткенде ол қайта кәсіпқой бокста бақ сынағысы келетінін жеткізді.
Шәріпова өзінің Instagram парақшасында Софья Очигаваға қарсы өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінің афишасын жариялап, «Ресми! Мен оралдым! Реванш қалайсыздар ма?» деген жазба қалдырды. Сол жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің бірауыз шешімімен жеңілген болатын.
Еске сала кетсек, Шәріпова карьерасын аяқтағанға дейін 61,2 салмақ дәрежесінде WIBA және WBU белбеулерінің иесі атанған.