• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды сатқан күдіктіні ұстады​

322 рет
көрсетілді

Үшінші мегаполистегі оқу орындарының бірінің студенті, кәмелет жасына толмаған қызды жеңгетайлық жасап жүрген жексұрын  жыныстық қызмет көрсету үшін бірнеше рет ұсынғаны анықталып отыр.

Жеңгетайлық келіссөздер телефон арқылы жүргізіліп, клиенттерге қыздың суреті мессенджермен көрсетілген. Тергеу барысында, сондай-ақ күдіктінің арам ниеттегілерден ірі көлемде ақша сұрау үшін қыздың пәк, таза екенін айтып, келісуден кейін кездесуді ұйымдастырып отырғаны белгілі болды.​​​​

Күдіктіні құрықтауға облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына бір әйел кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсету үшін белгілі сомаға сататыны туралы келіп түскен хабарламаның септігі тиген. Сол күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД КПБ және Сайрам ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Ақсукент ауылындағы қонақүйлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды сату кезінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.​​​​​​

Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақты зат ретінде миллион теңгені тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Түркістан облысы ПД-нің полицейлері істің толық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.