• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 17 Сәуір, 2020

Тәрбиешілер жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілмеуі тиіс

6459 рет
көрсетілді

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн-брифингте баяндады. Ведомство өкілі педагогтардың жалақысына қатысты Мемлекеттік комиссияның шешімі бар екенін жеткізді. 

– Жалпы мемлекеттік тапсырыстың бөлінгені жөнінде Мемлекеттік комиссияның шешімі бар. Барлық мемлекеттік ұйымдар белгіленген мемлекеттік тапсырысты балалардың келіп-келмегеніне қарамастан орындайды. Сондықтан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың жалақысы толық сақталады. Егер тәрбиеші жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілсе, бұл дұрыс емес. Осындай нақты фактілер орын алса, бізді хабардар етулеріңізді сұраймыз. Біз сол білім беру ұйымдарымен жұмыс істейміз. Министрліктің алғашқы бұйрығында төтенше жағдай кезеңіне қызметкердің жыл сайынғы еңбек демалысына шығатын уақыты сәкес келсе ғана жіберілуін көрсеткенбіз. Жалақысы төленбейітін еңбек демалысы туралы сөз болған жоқ, – деді Ш.Каринова