• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Түркістан: Келес ауданында 300-ден астам отбасыға азық-түлік таратылды

257 рет
көрсетілді

 «BIZBIRGEMIZ»  акциясы аясында Келес ауданындағы «ӘУЕС» ЖШС-ы көмекке аса мұқтаж 75 отбасыға ұн және бетперделер таратты.

Жалпы ауданда акция аясында Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының үйлесімді жұмысының арқасында демеушілердің есебінен 300-ден астам көпбалалы, тұрмысы төмен отбасына азық-түлік, ұн және 6000-нан астам тегін бетперделер үлестіріліп, қайырымдылық көмек көрсетілген.

Жетісай аудандық әжелер алқасы да қайырымдылық шараларынан тыс қалмауды жөн санапты. Әжелер 700 дана бетперде тігіп, Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне табыс еткен. Бетперделер көмекке мұқтаж азаматтарға тегін үлестірілмек. «Біздің бұл әрекетімізді жас аналар мен ару қыздарымыз қолдауы керек. Кесте тіге алатын қызы бар үйдің бетперде жоқ деп айтуы ұят. Елге келген нәубетті ел болып жұмыла көтеруіміз қажет», дейді аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева.

 

Түркістан облысы