Бүгінгі, яғни 17 сәуір күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында инфекциядан жазылғандар саны 6-ға жетті.
Нақтылай айтсақ, Нұр-Сұлтан — Шымкент бағытындағы поезбен келген Жетісай ауданы, Әбдіхалық ауылының 1971 жылы туған азаматшасы, оның жұбайы және онымен жақын байланыста болған осы ауылдың екі тұрғыны толықтай COVID-19 дертінен жазылғаны белгілі болды.
Сондай-ақ, 4 сәуір күні қайтыс болған Жетісай ауданының тұрғынымен жақын байланыста болған Жылысу ауылдық округі, Байқоныс елді мекенінің 48 жастағы тұрғыны да ауруханадан шықты. Бұған дейін Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округінің тұрғыны 1 сәуір мен 17 сәуір аралығында стационарлық ем қабылдап, толықтай дертінен айыққанын хабарлаған болатынбыз.
Түркістан облысы