• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2020

Түркістан: Індет жұқтырған жүргізушілер Ресейден оралған

373 рет
көрсетілді

Түркістан облысында соңғы мәлімет бойынша коронавирус індетін жұқтырғандардың Ресейден оралғаны мәлім болды. Жалпы өңірде инфекция жұқтырғандар саны – 57-ге жетті.

Індет жұқтырған Сарыағаш қаласының 1974 жылы туған тұрғыны жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ол 16 сәуір күні жұмыс бабымен Ресейден келген. Жақын байланыста болған 7 адам және отбасының екі мүшесі бақылауға алынды. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылының 1994 жылғы тұрғыны да 15 сәуірде Ресейден оралған. Ол да алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.